ЛАҢКЕСТІК ҚАУПІ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ БОЛЫП ОТЫР
Лаңкестік қаупі Қазақстан үшін де өзекті мәселе болып отыр. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, - деп жазады Қазақпарат.
«Халықаралық қатынастар жүйесі жетекші державалар арасындағы теке-тірестің өсуі салдарынан болжап болмайтын шекке жетті. Экономикалық санкциялар, ымыраға келмеу, өзара қатерлер, қайтадан қарулану жарысын бастауға ниет әлемге де түбегейлі көмектеспейді, елге де тұрақтылық әкелмейді. Бұл әлемдік қоғамдастықтың халықаралық терроризммен, экстремизммен күресін қиындатады және мұны, ұлы державалар арасындағы келіспеушіліктерді экстремистер пайдаланады», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы өз сөзінде бүгінде барлығы да мұндай зұлымдықтарды күш біріктіргенде ғана жеңуге болатындығын түсінгендігін атап өтті.
«Өткен жазда орын алған оқиғалар әлемдегі бір-бір мемлекеттің, бірде-бір елдің террористік актіден аман қалмайтынын көрсетті. Террористік қауіп Қазақстан үшін өзекті мәселеге айналды. Бүгінде халықаралық күнтәртібінде жаһандық соғыстың алдын алу, адамзаттың ядролық өзін-өзі жойып жіберу қаупі өзекті мәселелерге айналып отыр», - деді Елбасы.
Сонымен қатар ҚР Президенті Тәуелсіздігіміздің екінші ширегі өте күрделі кезеңде басталғалы отырғандығын ескертіп өтті.
«Дегенмен, бұл қалай болғанда да біздің осы ғасырдың ортасында Қазақстанды Еуразияның ең дамыған мемлекетіне айналдыру, яғни әлемнің дамыған мемлекеттері клубына кіргізу сынды ұлы мақсатымызға қол жеткізуімізге кедергі болмауы тиіс», - деді Ұлт көшбасшысы.