ЕМДЕУ ОРНЫ ЖАС МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Қызылордадағы №1 қалалық емханада «Қош келдің жас маман!» атты шара өтті, - деп жазады Сейхунинфо сайты. Бұл емхана қаладағы 39 мыңнан астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. Биыл емхана 9 жас дәрігермен толықты. С.Ж.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетін, Батыс Қазақстан мемлекетті медицина университетін, Қарағанды мемлекеттік медицина университитетін бітірген олар жалпы тәжірибе дәрігері атанып, қазірдің өзінде аймақтарды аралап, шақыртуларға барып жүр.
Емхана басшылығы және ардагер дәрігерлер жас мамандарға сәттілік тілеп, жұмыс барысында қажет етілетін сыйлықтар табыс етті.