ҚЫЗЫЛОРДАДА«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТЕДІ
ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес 2016 жылдың 1 қыркүйегі-1 желтоқсаны аралығында облыс көлемінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның басты мақсаты – әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халық арасындағы сенімін арттыру, тығыз қарым-қатынасты орнату, заңсыз қаруларды анықтау және көші-қондылыққа бақылау жасау мақсатында әрбір пәтер мен жеке үйлерді аралап, тұрғындар жайлы ақпарат жинақтау.
Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақ көлеміндегі пәтерлер мен үйлерді тексеріп, тұрғындар туралы ақпарат алу мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырады.
Осы іс-шараның қорытындысы бойынша облыс көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылатын профилактикалық жұмыстар он нәтижесін береді деп есептейміз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі