БҮГІН ЕЛІМІЗДЕ – БІЛІМ КҮНІ
1 қыркүйек елімізде Білім күні аталып өтеді. Бүгін 2,8 млн оқушы мектепке барады, деп хабарлайды BNews.kz. Биыл 370 мың бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, деп мәлімдеді ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.
Еліміздің барлық орта білім беру ұйымдарында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын, сондай-ақ «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбында бірыңғай сабақ өтеді.
Жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне сүйенсек, жаңа оқу жылында есігін ашқалы отырған мектептер саны – 7126. Жаңа оқу жылына дейін 60 мектепті, ал жыл соңына дейін 32 жаңа білім ошағын пайдалануға беру жоспарланған еді.
Естеріңізге салып өтсек, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №84 мектеп-лицейде болып, оқу бөлмелерін аралап шықты. Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында білім беру саласын дамыту және қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру үшін мемлекет көп күш-жігер жұмсағанын атап өтті.
Сондай-ақ елордада Қазақстан Президентi Қазақ ұлттық хореография академиясын салтанатты түрде ашты. Мемлекет басшысы жаңа академияға бишiнiң мүсiнiн сыйлады.