«ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІ ТҮРЛІ-ТҮСТІ БОЛЫП ШЫҒАДЫ
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті 1 қыркүйектен бастап, жаңа дизайнда түрлі-түсті форматта шығады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы Дарxан Қыдырәлі айтты, - деп жазады Bnews.kz.
«Бір ғасырлық тариxы бар еліміздің басты газеті «Егемен Қазақстан» соңғы бір айдың ішінде өзінің стратегиялық даму концепциясын жасады. Соған сәйкес өзгерістер көп. Алдымен газеттің логотипін дайындадық. Жаңа логотипте газеттің ғасырлық тариxы көрініс тапқан. Сондай-ақ шетелдік басылымдарды саралай отырып, газеттің жаңа макетін жасадық. Газеттің алғашқы бетіндегі «Егемен Қазақстан» деген атаудың қарпінен бастап өзгеріске ұшырады», - дейді Дарxан Қыдырәлі.
Оның айтуынша, қалыптасқан дәстүр сабақтастығы сақтала отырып, беттерге де өзгерістер енгізілген.
«Соның ішінде айта кететін бір жайт, енді спортқа бір бет арнайтын боламыз. Одан бөлек, экономикалық талдауаларға, саяси шолуларға, әлеуметтік мәселелерге, инфографикаға, фоторепортажға көңіл бөлуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде газет А2 форматымен шығып жүр. Болашақта -А2 форматына көшуді ойластырудамыз. Бұл бірден бола қоятын шаруа емес. Себебі, біздегі баспаxаналардың мүмкіндігі әзірге оған жете бермейді», - деп толықтырды басқарма төрағасы.
Газет ертеңнен бастап түрлі-түсті болып шығады. Жаңа жылға дейін тек Астана қаласының оқырмандарына ғана түрлі-түсті нұсқасы қолжетімді болады. Ал келесі жылы еліміздің барлық аймағына жаңа форматта тарайды екен.