БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ БРЕНДІН АНЫҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС БАСТАЛАДЫ
Бүгін Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі конкурс басталады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Қымбатты достар! Қазіргі әлемде елдік брендинг мемлекеттің инвестициялық және туристік тартымдылығының деңгейін айқындап, өндіретін тауарларының танымал болуына, халықаралық аренадағы беделіне, тіпті жаһандық еңбек бөлінісінен орын алуына да ықпал ететіні белгілі. Әрине, сапалы елдік брендингке қашанда сол мемлекеттің шынайы жетістіктері негіз болмақ. Бұл дегеніміз халықтың білім деңгейі, инфрақұрылымды дамыту көрсеткіші, сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тиімділігі, спорттағы және басқа да жетістіктері.
Сонымен қатар, елдің имиджін сауатты түрде ілгерілету үшін онымен байланысты образдар, идеялар мен ассоциациялар креативті, қайталанбас әрі жадыңда жатталып қалатын символикамен біте қайнасуы керек», - деп атап өтті Д.Абаев.
Оның айтуынша, осындай іргелі істі біздің еліміз де қолға алып отыр. Атап айтқанда, бүгін Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі конкурс басталады.
«Байқауға ұсынылған жұмыстарды жинақтау Министрлік сайтында (http://mic.gov.kz/kk/competition) бір ай бойы жүргізіледі. Өтініммен бірге логотип, ұран, еркін формада жазылған және жұмыстың мәні мен мазмұнын ашып көрсететін қысқаша тұжырымдама жолдануы тиіс», - деп толықтырды министр.
Байқау екі кезеңнен тұрады.
Бірінші – интернетте дауыс беру. Өтінімдерді жинаудың қорытындысы бойынша 15 күн ішінде жұртшылық олардың арасынан үздік дегенін таңдайды.
Екінші – интернетте дауыс беру нәтижесінде іріктелген үздік жұмыстарды (ең көбі 10 жұмыс) Сарапшылық кеңес алдында таныстыру. Кеңеске танымал қоғамдық және саяси қайраткерлер, мәдениет пен өнер саласының өкілдері, сонымен бірге отандық және халықаралық сарапшылар енеді.
Байқауға мамандығына, заңды мәртебесіне, жасы мен азаматтығына қарамастан, кез келген адам қатыса алады.
Жеңімпаз 5 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болмақ.
«Жалпы, байқау туралы толық ақпаратты оның ережесімен танысу барысында ала аласыздар». – деп түйіндеді Д.Абаев.