BEELINE МЕН KCELL ҚАЗАҚСТАНДА 4G/LTE ЖЕЛІСІН БІРГЕ ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ
Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Александр Комаров пен «Кселл» АҚ-ның Бас атқарушы директоры Арти Отс 29 тамыз күні, Қазақстанда төртінші буын желісін бірге құру туралы келісімге қол қойды.
VimpelCom компаниялар тобының Техникалық директоры Йогеш Малик келісім туралы өз пікірін былай білдірді: «Болашақта цифрлы оператор болу үшін, бізге бүгін өзгеру керек. Желіні бірге құруда серіктес болу - прогрессивті стратегиямызды жүзеге асыруда негізгі орын алады. Осы келісім, Қазақстанның бүкіл аумағына жаңа цифрлы өнімдер мен қызметтерді таратушы ретінде VimpelCom-ның мүмкіндіктерін арттырады, ал желі сапасының жақсаруы - бізді клиенттерге жақындата түседі».
Келісім - 4G/LTE стандартындағы барлық дайын базалық станцияларды қажетті нормаларға (әр қаладағы орналасуы, өткізу қабілеті және қоршаған ортаны қорғау) сай қолдануды қарастырады, бұл клиенттер үшін 4G/LTE желісінің жақсы таралуын қамтамасыз етіп, сапалы қызмет ұсынады. Жобаны жеделдету үшін және шығындарды оңтайландыру үшін, компаниялар еліміздің бүкіл аумағында 4G/LTE желісін бірге жоспарлайтын болады.
«Beeline мен Kcell бірігіп, Қазақстанның көп миллионды аудиториясына арналған төртінші буын желісінің инфрақұрылымын құруда. Мұнымен бірге 4G/LTE құрылғылар мен қызметтерге деген сұраныс та артады. Ал біз бірлесе отырып, қазақстандықтарды жүйрік мобильді интернетпен және сапалы қоңыраулармен қамтамасыз етеміз. Бұл серіктестік Beeline-ның түрленуінде негізгі қадам болып табылады және цифрлы өнімдер мен қызметтердің жаңа әлеміне клиенттерімізді тартуға мүмкіндік береді», - деп Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз ойымен бөлісті.
Beeline Қазақстан мен Kcell желіні тең басқаратын болады. Бірақ, әр аймақта активтер желінің таралуын жүргізетін операторға тиесілі болады. Желіні бірге құру туралы келісім, бірінші кезекте клиенттердің мүддесіне тоғыстырылған және екі компания арасындағы бәсекелестікке шек қоймайды.
Бірінші кезең қорытындысы бойынша, 2016 жылғы қыркүйектің басына 4G/LTE желісі еліміздің 13 қаласында ашылған. Kcell 4G/LTE желісін Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтау қалаларында іске қосқан болса, Beeline Қазақстан Астана, Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Қостанай, Бурабай, Павлодар, Семей және Өскемен қалаларында сәтті іске қосты. 2016 жылдың соңына дейін, бірлескен желі еліміздің 30%-ын қамтуы керек деп күтілуде.
4G желісі туралы, соның ішінде осы стандарттың артықшылықтары, қызметтің құны, таралу картасы туралы ақпарат пен қосу жөніндегі нұсқаулыққа 4g.beeline.kz арнайы веб сайтында қол жеткізуге болады.