ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚР Әділет министрінің 2016 жылдың 24 тамыздағы бұйрығына сәйкес Қызылорда облыстық әділет департаментінің басшысы болып Сапаров Қалдыбек Ерубайұлы тағайындалды.
Ол 1978 жылы туылған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік Заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қалалық әділет басқармасында бас маман болып бастаған. 2010-2011 жылдар аралығында – Қызылорда, 2011-2013 ж.ж. Атырау облыстық сот актілерін орындау департаментінің басшысы болды.
2014 жылдан осы уақытқа дейін Атырау облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдан осы уақытқа дейін Атырау облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.