ҚЫЗЫЛОРДА МЕН НАВОИ ОБЛЫСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ РЕТТЕУДЕ
Өзбекстан Республикасының өңірлеріне сапар аясында ӨР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Е.М. Өтембаев Навои облысына барды. Бұл сапардың таныстыру сипаты бар. ҚР Қызылорда облысы мен ӨР Навои облысы арасында туыстас байланыстарды орнатуға мүмкіндіктерді зерделеуге, сондай-ақ бірлескен өндірістер құру, кооперациялық байланыстар орнату, шекаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталды.
Елші «Навои» еркін индустриалдық-экономикалық аймақ (одан әрі - ЕИЭА), Навои қ. әуежайының базасында халықаралық интермодальдық логистикалық орталық басшысымен, бизнес орта өкілдері мен Навои облысындағы қазақ ирридентасы басшылығымен кездесу өткізді.
ЕИЭА-ға барған кезде Өтембаев «UzEraeCable», «UzEraeAlternator», «O'z Minda», «Polietilen Quvurlar», «Polipropilen Quvurlar», «Telecom Innovations», «NB Cosmetics», «Agrofresh» және т.б. зауыттарда өндіріс ұйымдастыру барысымен танысты. Шетелде сатуға бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған инновациялық кәсіпорындардың қызметі қазақстандық тараптың үлкен қызығушылығын тудырды.
Қазақстан мен Өзбекстанның көлік-транзиттік, логистикалық кооперациялық байланыстарының перспективаларын зерделеу аясында Қазақстан елшісі Навои әуежайы базасында ХИЛО жұмысымен танысты. Бұл нысан жұмысын 2008 жылғы тамызда бастаған. Содан бері нысан тұрақты кеңейіп келеді. Оның қызметтерін «Узбекистон хаво йуллари», «Korean Air» және «Московия» авиакомпаниялары белсенді пайдаланып келеді. Қазіргі уақытта ХИЛО Сеул, Дели, Ыстамбұл, Дакка, Милан, Брюссель, Вена, Франкфурт, Мәскеу сияқты ірі көлік-логистикалық пункттермен тұрақты байланысы бар.