ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖАЗАСЫН АЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері – Ж.Мұсабеков, Д.Сағатұлы, М.Косқулақовқа қатысты айыптау үкімін жариялады.
Мұсабеков Жандос Байқоңыр қаласындағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің мүшесі болған. «Арбат» деп аталатын екінші бір топ мүшелерімен арадағы түсініспеушілікті желеу етіп, соларға бірнеше мәрте оқ атып, бой тасалап кетіп қалған. Одан кейін, Ж.Мұсабеков өзінің топ мүшелері Д.Сағатұлы, М.Коскулаковтармен екі топ арасында орын алған бұзақылық деректерді талқылау барысында сол топтың бірнеше мүшелерін қасақана атыс қарумен атып, қасақана қазаға ұшырату туралы алдын ала қылмыстық келісімге келіп, бұл туралы сол жерде әр қайсының атқаратын қылмыстық рольдері белгіленіп, келісімге келген.
2015 жылдың 11 қыркүйек күні сағат 23-50 минут шамасында сотталушылар Ж.Мұсабеков, Д.Сағатұлы және М.Коскулаковтар 12, 16 калибрлі атыс қаруымен қаруланып, ойларын ақырына дейін жеткізу мақсатында қылмыстан бейхабар Е.Жаниязовтың автокөлігіне мініп, жиналып тұрған «Арбат» топ мүшелеріне барып, 40 метрдей арақашықтық шамасында атыс қаруымен бірнеше рет атып, нәтижесінде алған дене жарақаттарынан кәмелетке толмаған Е.Сәндібекұлын қазаға ұшыратып, ал Е.Серікбаев пен Д.Тажибаевтардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіпті ауыр, К.Ермекбаевтың денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген. Оқиға барысында сотталушы Ж.Мұсабеков жүргізуші Е.Жаниязовқа 16 калибрлі атыс қаруын тақап, өлтіремін деп қорқытқан.
Басты сот талқылау барысында сотталушы және куәлардың көрсетуімен, одан басқа оқиға болған жердегі бақылау камерадан түсірілген таспадан, сотталушы Д.Сағатұлы атыс болған жерде болмағандығы анықталды. Ол осындай оқиға болғанын білген, алайда тиісті жерлерге хабар бермеген.
Сот үкімімен сотталушы Ж.Мұсабеков ҚР ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 6,7,9-тармақтарымен, 28-бабының 3-бөлігімен, 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 1,6,7,9-тармақтарымен, 115-бабымен кінәлі деп танылып, түпкілікті 16 (он алты) жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Сотталушы Д.Сағатұлының іс-әрекеттері ҚК-тің 191 бабымен және 434-баппен қайта дәрежеленіп, осы баптармен кінәлі деп танылып, түпкілікті 4 (төрт) жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Сотталушы М.Коскулаков ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 6,7,9-тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 1,6,7,9-тармақтарымен кінәлі деп танылып, түпкілікті 17 (он жеті) жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Соттың баспасөз қызметі