ЖАНАТ СҮЛЕЙМЕНОВ ОҚО ІІД БАСТЫҒЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бұл жыл – қазақ елі үшін, сан мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тағдырын бір арнаға тоғыстырған Қазақстан халқы үшін елеулі оқиғаларға толы жыл болды. Себебі еліміздің басты саяси құжаты, арайлы азаттығымыздың айғағы, дамуымыздың тұрақты кепілі – ҚР Конституциясының қабылданғанына 21 жыл толып отыр. Қазақ елі тарихында алтын әріптермен жазылған айтулы күн қарсаңында, бүгін, яғни 2015 жылдың 29 тамызда ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент басшылығы, жеке құрамның қатысуымен мерекелік шара болып өтті.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Әнұраны ырғағымен ашылып, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың арнайы құттықтау жеделхаты оқылды.
Бұдан кейін Ішкі істер министрлігінің және облыстық ішкі істер департаментінің мерекелік марапаттау жайлы бұйрығы жеке құрамға таныстырылып, қызметте кәсіби біліктілігінің арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, қызметтік міндетін қажырлы әрі адал орындаған Қазалы ауданы Ішкі істер бөлімі штаб тобының аға инспекторы полиция майоры Байкубеков Елжас ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, департаменттің Жедел жоспарлау басқармасының бастығы полиция полковнигі Құтыбаев Ербол ҚР ІІМ-нің Грамотасымен, Криминалды полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Мырзаев Ибадулла ҚР ІІМ-нің Алғыс хатымен марапатталды. Ал Облыстық ішкі істер департаментінің марапатына 116 қызметкер мен ішкі істер органдарының ардагерлері ие болды.
Сонымен қатар, жиын барысында департамент қызметкерлері 2014 жылғы 30 қазаннан бері Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығы лауазымында абыройлы қызмет етіп, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті бастығының қызметіне тағайындалған Жанат Қуанышұлы Сүлейменовті жаңа қызметімен құттықтап, шығарып салды. Қызылорда ОІІД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі А.Меңдіғалин сөз алып, Жанат Қуанышұлына Сыр өңіріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, халықтың тыныштығын қорғау жолында жасаған ауқымды жұмыстары үшін жеке құрам атынан алғысын білдіріп, жаңа қызметте сәттілік тіледі.
Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Марапат иелерінің, жалпы жиналған қауымның құрметіне әуелетіп ән айтылып, күмбірлетіп күй тартылып, мың бұралған билер биленді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі