АТА ЗАҢ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінде Ата Заң күніне арналған кең көлемді іс-шара өтті. Мерейлі мереке Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Одан соң департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов: «Конституция – бұл республикамыз бен халқымыздың жарқын болашағының кепілі», - атты ұранмен баяндама оқыды. Одан соң қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген Қызылорда облысы ТЖД және ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.
Сонымен бірге Конституция күніне орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері арасында өткен спорттық іс-шаралардың жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД мемлекетік тіл және ақпарат тобы