САНАВИАЦИЯ АЛЫСТАҒЫ АУЫЛҒА АТТАНДЫ
Облыстық санитарлық авиацияға Арал ауданының Ақбасты ауылынан ауыр науқасқа шақырту түсті. Науқасқа невропотолог, кардиологтың кеңесі қажет болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, санитарлық авиация жедел әрекетке көшіп, облыс орталығынан 500 км қашықтықтағы ауылға ұшақпен дәрігерлерді аттандырды.
Ақбасты ауылының аудан орталығынан да алыста екендігі ескеріліп, санитарлық авиация құрамына кардиолог, невропатологпен бірге гинеколог, балалар хирургі жіберілді. Дәрігерлер ауыл тұрғындарының да денсаулығын тексеріп келеді.