АРАЛДЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ «ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ» АТАНДЫ
Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінде ішкі істер органдары қызметкерлері арасында «Парасатты полицей» облыстық байқауы өтті.
Аталмыш сайыстың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттап, мәртебесін арттыру, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру, тәртіп сақшыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, ішкі істер органдары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді құрметтеуге шақыру және олардың құқықтық мәдениетін, ізгілік пен парасаттылық рухын көтеру.
Байқауға аудандық ішкі істер бөлімі мен қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінен құралған барлығы 7 команда қатысты. Сайыс 3 айналымнан тұрды. «Сақшыдан сәлем» сайысында қатысушы командалар өздерін, ұранын, мақсат-міндетін таныстырса, «Сөзмерген» сайысында білігі мен білімі, ұтқыр ойы сыналды. Ал соңғы «Тәуелсіздік тағылымы» сайысында Қазақстан Республикасының 25 жылда тәуелсіз мемлекет ретінде жеткен жетістіктері сахналық қойылымдармен сомдалып, актерлік шеберліктері сынға түсті.
Байқауға облыстық Ішкі істер департаменті Штаб басқармасының бастығы полиция полковнигі Шамшадин Амитов, Қызылорда облыстық филормониясы директорының орынбасары Азиза Издикулова, Ақпараттық-аналитикалық басқармасының бастығы полиция полковнигі Расул Берманов, Кадр жұмыстары басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Бауыржан Нұрманов төрелік етіп, білікті де білімді, сегіз қырлы, бір сырлы тәртіп сақшыларын анықтауға тырысты.
Қызықты әрі тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша І орынды Арал аудандық ішкі істер бөлімінің құрама командасы жеңіп алса, ІІ орынға Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің командасы тұрақтады. Ал ІІІ орын иегерлері болып Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің командасы танылды.
Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды.
Үздік деп танылған команда үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық байқауға қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі