СЫР ЕЛІНІҢ АСТАНАҒА ШАШУЫ
Жыл сайын айнымас дәстүрге айналған Елордада 3-4 қыркүйекте өтетін Қызылорда облысының күндері биыл да жалғасын табады. Облыс әкімі Қ.Көшербаев бастаған делегаттар астаналықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, Қызылорда облысының мәдениеті мен жалпы даму деңгейін таныстырады.
Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайының алдындағы автотұрақта өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде аймақтың тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Мұндай ауқымды шараның Астана төрінде ұйымдастырылуы аталмыш сала ауқымының одан әрі кеңеюіне зор мүмкіндік туғызбақ. Айта кетейік, жәрмеңкеде 300 тоннадан астам өнім, соның ішінде жарма, жеміс, көкөніс, сүт тауарлары, ет, шұжық өнімдері, балық, бал, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер сатылымға шығарылады. Сонымен қатар, елордалықтар талант пен өнерге бай өлке Сыр елінің дарынды өнерпаздарының «Ырысты, күрішті - Қызылорда» атты концерттік бағдарламасы мен арнайы шатырда ашылатын Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына арналған «Ақ күріштің атасы - Ыбырай» көрмесін тамашалайды. Жәрмеңкеде «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында шығарылған отандық өнімдер де көпшілік назарына ұсынылады.
Мұхтар Әуезов атындағы қалалық орталық кітапханада «Туы биік, тұғыры берік Сыр елі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Онда елордалықтар мен қала қонақтары тарихы терең Сыр өңірінің сырлы тарихы мен мәдениеті, жалпы экономикалық ахуалы мен бүгінгі даму деңгейінен хабардар болады. Мерекелік шара Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтетін «Тәуелсіздік жылдарындағы Сыр өңірінің жеткен жетістіктері» тақырыбында мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі тұлғалармен және студенттердің кездесуімен жалғасады.
«Бәрі де бала бақыты үшін». Дәл осы тақырыпта Астана балалар ауылында қайырымдылық шарасы өтеді. Онда облыс әкімі Қ.Көшербаев балаларға игі тілектерін айтып, естелік сыйлықтарын тапсырады. Осы күні Конгресс-холлда Сыр елі таланттары «Сыр – Алаштың анасы» атты мерекелік концертте өнерлерін ортаға салады. Сондай-ақ, фойеде «Тәуелсіздіктің дара жолы – Сыр елі жетістігі» фотокөрмесі өтеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында кітап көрмесі, ал Ұлттық музейде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмелер мен экспозициялар ашылады.
4 қыркүйек күні Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайының жанында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі мен концерттік бағдарламалар одан әрі жалғасын табады.