19 МЫҢДАЙ БАЛА БИЫЛ 1-СЫНЫПҚА БАРАДЫ
Осы оқу жылында Қызылорда облысы бойынша 299 мектептің бірінші сыныбына шамамен 19 мың бала барады. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев көрсеткіш былтырғыдан 6 мыңға артқанын жеткізді. Бірінші сынып оқушылары жаңартылған мазмұнда білім алады. Одан бөлек, бірыңғай мектеп формасы енгізілмек.
- Жаңа оқу жылының тағы бір ерекшелігі, негізгі және жоғары сыныптарда үштілді білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жүргізіледі. 2017-2018 оқу жылында – 2, 5, 7-сыныптар, одан кейін 3, 6, 8, 10 –сыныптар, 2019-2020 оқу жылында – 4, 9, 11, 12-сыныптар 5 күндік оқу аптасына көшеді, - деді басқарма басшысы.
Қажетті 766 150 дана оқулықты сатып алу үшін бөлінген қаржы толығымен игеріліп, кітаптар аудандар мен Қызылорда қаласына жүз пайыз тасымалданды. Сонымен қатар ендігәрі авторлық құқығы білім және ғылым министрлігіне тиесілі базалық оқулықтар қолданылады.
Назерке САНИЯЗОВА