БАРЛЫҚ СЫНЫП ОҚУЛЫҚТАРМЕН ТОЛЫҚТАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН
Биылғы оқу жылына барлығы негізгі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін алуға 662,9 млн. теңге қаралған. 766150 дана оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін алуға 653,1 млн. теңгеге 104 келісім шарт жасалды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.
Келісімшарт негізінде 1-ші және 8-ші сыныптар үшін барлық пән оқулықтары, 4-сынып үшін ағылшын тілі оқулықтары, 9-сынып үшін «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқулықтары және басқа сыныптарға оқу-әдістемелік кешендері сатып алынады. Оның ішінде, «Мектеп», «Атамұра», «Алматыкітап», «Бөбек», «Express Publishing», «Білім», «Арман ПВ», «Келешек 2030», «Интерпресс», «Пирсон Эдукейшн», «САТР» (коррекциялық), «Шикула», «Астана-Кітап», «Көкжиек» баспаларымен келісімшарт жасалды.
Облыс бойынша 1-сыныпқа баратын барлық оқушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бірыңғай базалық оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен оқытылатын болады.
Облыс бойынша 1-сыныпқа баратын барлық оқушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бірыңғай базалық оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен оқытылатын болады.