БІРҚАТАР ЕМДЕУ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов бірқатар емдеу ұйымының жұмысымен танысты, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бірінші, Ана мен бала орталығында жас босанған аналар мен жаңа туылған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімдерін аралады. Облыстық перинаталды орталықта елді мекендерден келіп босанған аналардың әрі қарайғы сауығу ем-шараларымен танысты.
Содан соң 36 мың тұрғыны бар Тасбөгет қыстағындағы №4 емхананы аралап, медицина қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында бірқатар мәселе көтеріліп, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
Содан соң 36 мың тұрғыны бар Тасбөгет қыстағындағы №4 емхананы аралап, медицина қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында бірқатар мәселе көтеріліп, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.