ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДА КЕМШІЛІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ғалия Бәйменова өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жартыжылдық жұмысты қорытындылады.
Оның айтуынша, есепті кезеңде фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі мамандарының тексеруі барысында дәрілік заттар есебінің айқын жүргізілмеуі, дәрілік заттарды ұтымды пайдаланбау, рецепт жазу қағидаларының сақталмауы сияқты кемшіліктер анықталған.
- Облыста фармацевтикалық қызметпен 371 объект айналысады. Оның 219-ы – дәріхана, 103-і – дәріхана қоймасы, 31-і – дәріхана пункті және тағы сол сияқты, - деді Ғалия Бәйменова.
- Облыста фармацевтикалық қызметпен 371 объект айналысады. Оның 219-ы – дәріхана, 103-і – дәріхана қоймасы, 31-і – дәріхана пункті және тағы сол сияқты, - деді Ғалия Бәйменова.