ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ «СӨЗ ҚҰНЫ» АТТЫ КЕҢЕСУ КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ
Кеше Қызылорда қаласының Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде «Ұрпақтар сабақтастығы. Журналист құқы мен әдебі» тақырыбында журналистика саласының жас және аға буын өкілдерінің кездесуі өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасы, «Азаматтық Альянс» қауымдастығының қолдауымен «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры ұйымдастырған басқосуда өңір журналистикасының қоғамдағы белсенділігін, кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері көтерілді. Ұйымдастырушылар арнайы сауалнама нәтижесін таныстырды.
Сала ардагері Айжарық Сәдібекұлы, облыстық «Сыр бойы» газеті бас редакторының орынбасары Мұрат Жетпісбаев, тележурналист Айнұр Тұңғышбаева қазақ журналистикасындағы түйткілдерді қозғады. Басқа қатысушылар да өзара емін-еркін ой бөлісті.
Қоғамдық қор тарапынан журналистердің «Сөз құны» атты кеңесу клубын құру туралы шешім қабылданып, мәселелерді биік мінберлерге жеткізу құпталды.
Назерке САНИЯЗОВА