ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН ЫСТЫҚ
Бүгін республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, тек солтүстік-шығыстың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік пен шығыста жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында да жел соғады. Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды облыстарының кейбір аудандарында аптап ыстық күтіледі. Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.