ЕЛІМІЗДЕ ПАСПОРТ ПЕН ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ ЕНДІ ЕКІ КҮН ІШІНДЕ АЛУҒА БОЛАДЫ
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 19 тамызындағы қаулысымен Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куəлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куəлігі мен босқынның жеке куəлігін рәсімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою жəне жою ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Атап айтсақ: жеке тұлғаның қалауы бойынша шетел азаматтарының Қазақстанда тұруына берілетін ықтиярхат және азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке куәлігі рәсімделген күннен бастап жеті, он және он бес жұмыс күні ішінде жеделдетілген тәртіппен беріледі.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, сондай-ақ жеке куәліктері Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында рәсімделгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде, ал облыс орталықтарында төрт жұмыс күні ішінде жеделдетілген тәртіппен беріледі.
Қаулы алғаш рет ресми жарияланған (25 тамыз) күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.