«ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ОБЛЫСТЫҢ ШАЛҒАЙ АУДАНДАРЫНА БАРАДЫ
22-31 тамыз аралығында «Денсаулық жолы - 2016» республикалық акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер (бұдан әрі - ЖМК) Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Павлодар, Маңғыстау облыстарының шалғай аудандарына барады, деп жазады mzsr.gov.kz.
Бұл күндері ЖМК Қызылорда облысы Арал ауданының «Қаратерең», «Аманөткел», Жалағаш ауданының «Мақпалкөл», «Ақарық», Сырдария ауданының «Шаған», «Ақжарма», Жаңақорған ауданының «Сунақата», Шиелі ауданының «Еңбекші», «Қосүйенкі», «Жиделі арық» дәрігерлік амбулаторияларына барады. Мобильді медициналық бригадалардың құрамына терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру аймақтық орталығының мамандары кіреді.