«ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫНЫҢ 1 КҮНІНДЕ 763 АЗАМАТҚА ӘКІМШІЛІК ШАРА КӨРІЛДІ
2016 жылдың 24-26 тамыз аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 1 күнінде әр түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 763 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы) 61 азамат, қоғамдық орындар мен көшеде масаң күйде жүргені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) 56 адам, қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы) 104 азамат жауапкершілікке тартылды,
Сондай-ақ, белгіленген жүру жылдамдығын арттырғаны үшін (592-бабы) – 65, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін (591-бабы) – 118, жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін (596-бабы) – 1, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін (593-бабы, 1-бөлігі) – 183 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін (608-бабы) 12 азамат наркологиялық сараптамадан өткізіліп, тиісті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Есепті мерзімде 17 қылмыстың беті ізі суымай ашылды. Іс-шара барысында 28 құқық бұзушы облыстық наркология орталығының интоксикация орталығына жатқызылса, 6 кәмелетке толмаған уақытша бейімдеу мекемесіне жеткізілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі