370 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕ МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙДЫ
370 мыңнан астам қазақстандық бірінші сынып оқушысы 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын аттайды. Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиева ОКҚ-де өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп жазады pm.kz.
«Биыл Қазақстан мектептеріне 2,5 миллионнан астам оқушы барады. Сонымен қатар, мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндер саны 370 мыңнан асады. Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сүйенсек, жаңа оқу жылында жұмыс істейтін мектептер саны 7 126 бірлікті құрайды. Ағымдағы жылы 92 мектепті пайдалануға беру жоспарланса, 1 қыркүйекке дейін 60 нысан тапсырылады, ал 2016 жылдың соңына дейін 32 мектептің құрылысы аяқталады», - деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, биыл пайдалануға берілетін 92 нысанның ішінде 31-і үш ауысымды мектептер проблемасын шешуге, 29-ы апатты нысандарды алмастыруға және 14 мектеп оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға негізделген.
«Республикамыздың 526 мектебі күрделі жөндеу, 6 600 мектебі ағымдағы жөндеу жүргізуді қажет етеді. Күрделі жөндеу 373 мектепте, ағымдағы жөндеу – 5 745 мектепте жүргізілді. Толық қажеттілік бойынша жөндеуді Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, СҚО, ОҚО және Астана қаласы жүргізді. Бірқатар өңірлерде қажеттілік бойынша жөндеуге қаржыландыру толық көлемде қарастырылмаған. Сонымен, Алматы облысында мұндай қажеттілік 48 мектепте бар, жөндеу 26 мектепте жүргізілді. ШҚО-да қажеттілік 68 мектепті құрайды, жөндеу 60-тан астам мектепте жүргізілді. Мектептерде күрделі жөндеу жүргізуге қаражат Алматы қаласында толық көлемде қарастырылмаған», – деп нақтылады Э. Сұханбердиева.