ҰҚКД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН САБАҚ
Қызылорда облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, капитан Б.Спанов пен ҚР ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» филиалының фельдшері Ж. Набдинова ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлеріне арнап сабақ өтті.
Сабақ «Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге көрсетілетін алғашқы медициналық көмек» деп аталды. Жиын барысында қызметкерлерге кез келген төтенше жағдайға тап болған адамдарға дер кезінде алғашқы көмек көрсету жолдарын және көмек көрсетуші тұлға өзі сақтайтын қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Азаматтық қорғаныс басқармасы
Азаматтық қорғаныс басқармасы