ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облыстық әділет департаменті жартыжылдықта атқарған жұмысын қорытындылады.
Онда департамент басшысының міндетін атқарушы И.Бәкішева, департамент басшысының орынбасары Т.Лесеров, облыс бойынша жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Н.Саимов баяндама жасады. Есепті мерзімде 345 заңды тұлға, 21 232 құқық (ауыртпалық) және 16 970 азаматтық хал актісі тіркелді. Жұмыс тобы және ішкі істер органдарның қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген шаралар нәтижесінде 921 әкімшілік іс қозғалса, 593 880 теңге көлемінде 35 айыппұл салынған. 886 құқық бұзушыға ескерту берілді.
2015 жылы жұмысын бастаған жеке сот орындаушылар палатасы қызметкерлерінің саны 46-ға жетті. Олардың жұмысын жетілдіруде бірқатар оң өзгеріс байқалады. Мемлекеттік сот орындаушылары бұрынғыдай 5 емес, 3 жылдан соң жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға құқылы.
Сондай-ақ бұрын атқарушылық іс жүргізуіне қарай соманың 10 пайызын ғана алса, қазір 3-25 пайызына дейін ала алады.