ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘЙЕЛДЕР ЕРЛЕРГЕ ҚАРАҒАНДА КӨБІРЕК ӨМІР СҮРЕДІ
Соңғы он жылда Сыр өңірінде халық саны 140 мыңға көбейді. 2016 жылдың 1 маусымындағы мәліметке сәйкес тұрғындар саны, сөйтіп, 796,5 мың адамға жетті.
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Нұрғабылова туу көрсеткішінің өлім-жітім санынан артқанын жеткізді. Қыздарға қарағанда ұлдар көбірек дүниеге келеді екен. Оларға Нұрсұлтан, Мирас, Мансұр, Әлихан деген есімдер өте жиі қойылады. Ал қыздар арасында Айзере, Раяна, Кәусар, Айлин есімдері кең тараған.
- Қызылордалықтардың өмір сүру ұзақтығы 7,5 пайызға артқан. Ерлердің орташа жасы 68 болса, әйелдерде олардан көбірек – 76 жас, - деді Гүлмира Нұрғабылова.
Жарық дүние есігін ашатын егіздердің де қарасы көбейіп келеді. Осы жылдың 4 айында 49 жұп егіз, 1 жұп үшем осынша отбасына қуаныш сыйлаған.
Назерке САНИЯЗОВА