ОБЛЫСТЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫ ONLINE РЕЖИМІНДЕ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗЕДІ
26 тамыз күні сағат 9.00-13.00 аралығында Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков online режимінде конференция өткізеді.
Интернет-конференцияға қатысамын деуші азаматтар соттың интернет-ресурсындағы (http://kzl.sud.kz/) төраға блогына кіріп, ондағы «Сұрақ-жауап» айдарына (http://kzl.sud.kz/kaz/node/add/question) өздерін толғандырған мәселелер бойынша тікелей жүгіне алады. Блогта сіздерді толғандырған сұрақтарды қарау және оларды шешу үшін қажетті шараларды қарастырып, жауап беруге әрдайым дайынбыз. Электронды хаттар міндетті түрде оқылады.
Сұрақтарға жауаптар сол күні облыстық соттың интернет-ресурсы арқылы беріледі.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіСұрақтарға жауаптар сол күні облыстық соттың интернет-ресурсы арқылы беріледі.