«ЦЕСНАБАНКТЕГІ» АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
24 тамыз күні Қызылорда қаласындағы "Бастау" бизнес орталығында АК «Цеснабанк» филиалының Ашық есік күні өтті, - деп хабарлады "Наша Кызылорда" (nasha.kz) сайты.
Шара барысында филиал директоры Жорабек Пірманов банк дамуының оң динамикасы, әлемдік, мемлекеттик қаржы институттарымен тығыз қарым-қатынастағы перспективасы жайлы айтып өтті. Ұйымдастырушылар жиналған қауымды ақпараттандырып, серіктестік қатынаспен қызығушылығын оятты. Әрбір қатысушыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз етті.