КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ
Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Конституция күніне арналған «Ұлық тұтар Ұлы Заң» атты кең көлемді кітап көрмесі өтті, - деп хабарлады кітапхананың баспасөз қызметінен.
Шараның ашылу салтанатында өзбек этно-мәдени орталығының мүшесі Ашур Халилов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымының докторы Дастан Сәтбай, университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас көрменің маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар Елбасының еңбектерімен, ЭКСПО-2017 материалдарымен танысты.
Көрмеге 360 кітап, мерзімді басылымдар, фотосуреттер қойылды. Мәдени шараға Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, ақын-жазушылар, этномәдени орталықтар өкілдері, жастар, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар қатысты.