КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДЕ СҮРІНГЕН ТАЛАПКЕРЛЕР ЖОО-НА ШАРТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Екінші рет тағы сүрінді. Кешенді тестілеуді қайта тапсырған талапкерлердің жартысынан көбі шекті баллды жинай алмай қалған. Бұл жөнінде Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап «Астана» телеарнасы.
Әйтсе де, олар ЖОО-ның күндізгі бөлімдеріне шартты түрде қабылданады. Бірінші семестрден соң тағы бір рет сынақ тапсырады. Егер тиісті баллды жинаса, оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар. Ал жинай алмаса, оқудан шығарылады.
Айта кетейік, биыл елімізде алғаш рет кешенді тестілеуді ақылы негізде қайта тапсыру өткізілді. Бұл шара Қазақстанның барлық аймақтарында 37 базалық ЖОО-да орналасқан тестілеу бекеттерінде ұйымдастырылған. Тамыздың 19 мен 21 аралығында өткен сынаққа ҰБТ-да 50 ден төмен балл жинаған талапкерлер қатысты.
Сондай-ақ белгілі себеппен сынаққа қатыспағандар және тестілеу нәтижесі жойылған талапкерлер де бар. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биыл кешенді тестілеуге қатысуға 46 мыңдай талапкерден өтініш түскен. Сынақ төрт пән бойынша өтті, онда 100 тапсырма берілген.