ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қызылорда қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы №209 өкіміне сәйкес Молдабаев Марсбек Рүстемұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Марсбек Рүстемұлы 1963 жылы 10 ақпанда Шиелі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1977-1981 жылдары Қызылорда политехникумын техник электрик, 1984-1989 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда филиалын инженер-құрылысшы, 2003-2005 жылдары Қызылорда инженерлік экономикалық институтын қаржы бакалавры мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1989 жылы облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық өндірістік бірлестігі құрылыс бөлімінің технадзоры қызметінен бастаған;
1992-1994 жылдары облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бас маманы, аға инженері;
1994–2003 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы I-ші категориялы маман, бас инженер, бастықтың орынбасары;
2004–2006 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық жол және көлік шаруашылық бөлімінің бастығы;
2008-2011 жылдары Шиелі кентінің әкімі;
2011-2013 жылдары Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
2013 жылдан бастап осы кезге дейін қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.