ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДЕНСАУЛЫҚ КЕРУЕНІ» КЕЗЕКТІ РЕТ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Конституция күні қарсаңында облыстық медицина орталығы дәрігерлерінен жасақталған «Денсаулық керуені» жолға шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.
«Денсаулық керуенінің» елді мекен тұрғындары үшін тиімділігі зор. Біріншіден, жылжымалы медициналық кешеннің құрамында окулист, терапевт, кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, барлығы 11 дәрігер болса, кешен лабораториялық зертхана, түрлі ақауларды анықтайтын медициналық қондырғылармен жабдықталған.
Облысымыздағы 3 жылжымалы медициналық кешен, Арал -Қазалы, Жаңақорған -Шиелі, Сырдария -Жалағаш - Қармақшы аудандарының елді мекендерін аралап, ауыл тұрғындарының денсаулығын толық тексеруден өткізіп жатыр.
Бұл өз кезегінде, науқасты ерте анықтап, сауығып шығуына мүмкіндік жасаса, екіншіден, алыс ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттырады.
Тұрғындарымыздың, оның ішінде, аналар мен балалардың өз ауылында отырып-ақ, толық медициналық көмек алуына жағдай жасалады.
«Денсаулық керуені» кезекті рет, Шиелі ауданындағы «Еңбекші» ауылының, Арал ауданының «Қаратерең», «Бөген» ауылдарының, Сырдария ауданының «Бесарық» ауылының тұрғындарын медициналық тексеруден өткізуге аттанды.
Жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен, үстіміздегі жылдың наурыз айында жолға шыққан «Денсаулық керуені» облысымыздағы елді мекеннің 42 156 тұрғынын медициналық тексеруден өткізген. Оның ішінде, 51 131 диагностикалық, 42 316 лабораториялық зерттеулер жасалған.