ДЕПАРТАМЕНТ ТАРАПЫНАН БЕРІЛЕТІН РҰҚСАТ БЕРУ ҚҰЖАТТАРДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнама талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеу аясында өзге қызметтерді жүзеге асыруға, мәмілелер жасауға, субъектіні қайта ұйымдастыру мен тарату кезінде, негізгі құралдарды қайта бағалаудан өткізуге және басқа да әрекеттерге алдын ала келісім береді. 2014 жылдан бастап табиғи монополия субъектілерімен жүзеге асырылатын әрекеттердің келісілуі электронды көрсетілетін мемлекеттік қызмет ретінде рұқсат беру құжаттары қатарына жатқызылған.
Қазіргі кезде рұқсат беру құжаттары (рәсімдері) «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі («Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) арқылы берілетін болады. Департаментке келіп түскен өтініштер «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ге толтырылып, рұқсат беру құжаттардың деректер базасы қалыптастырылады. Табиғи монополия субъектілеріне берілетін рұқсат беру құжаттарды автоматтандыру арқылы рұқсат беру құжаттарды қағаз түрінде де, электронды нысанда да «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы алу мүмкіндігі болады.
2016 жылдың басынан бері табиғи монополия субъектілерінен келіп түскен өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы 4 өтініш құжаттардың толық болмауына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды. Субъектіні қайта ұйымдастыруға келіп түскен 2 өтініштің 1 қанағаттандырылды. Мүлікпен мәмілелер жасау үшін келісім беруге табыс етілген 4 өтініштің 2-не келісім берілді.
Сонымен, рұқсат беру құжаттарын автоматтандырылған түрде беру мүмкіндігі рұқсат беру құжаттарын беру кезінде департамент қызметкерлерімен тікелей байланыс жолдарын қысқартуға ықпал етеді. Мұның өзі рұқсат беру құжатын алуға үміткер мен уәкілетті тұлғаның арасындағы жемқорлық іс-әрекеттің алдын алады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи
монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 2016 жылдың басынан бері табиғи монополия субъектілерінен келіп түскен өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы 4 өтініш құжаттардың толық болмауына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды. Субъектіні қайта ұйымдастыруға келіп түскен 2 өтініштің 1 қанағаттандырылды. Мүлікпен мәмілелер жасау үшін келісім беруге табыс етілген 4 өтініштің 2-не келісім берілді.
Сонымен, рұқсат беру құжаттарын автоматтандырылған түрде беру мүмкіндігі рұқсат беру құжаттарын беру кезінде департамент қызметкерлерімен тікелей байланыс жолдарын қысқартуға ықпал етеді. Мұның өзі рұқсат беру құжатын алуға үміткер мен уәкілетті тұлғаның арасындағы жемқорлық іс-әрекеттің алдын алады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи
Қызылорда облысы бойынша департаменті