ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ШАЛДЫҚҚАН 742 АДАМДЫ САУЫҚТЫРУҒА 52 МЛН. 841 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ
Әлеуметтік қолдау ретінде биыл Қызылорда облысы бойынша туберкулезге шалдыққан 742 адамды сауықтыруға 52 841 400 теңге бөлінді.
Нәтижесінде аурушаңдық көрсеткішісі 7,7 пайызға азайды. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерқасым Сүлейменов мәлімдегендей, сонымен қатар осы 7 айда аймақта құтырма, құрөзек, сіріспе, көкжөтел, лейшманиоз, безгек секілді ауру түрлеріне шалдығу деңгейі де төмендеді.
- Дегенмен, жұқпалы жедел ішек ауруларының 1 057 жағдайы тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға өсті. Тұрақсыз эпидемиологиялық ахуал қалыптасты. Ауруды ерте анықтау мақсатында 3 285 бала ем алып, 95 пайызы сауықтырылды, - деді Ерқасым Сүлейменов.