ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН ИНЕРТТІ ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ КӨРСЕТКІШІ 2,2 ЕСЕГЕ ӨСТІ
Биыл 7 ай ішінде Қызылорда облысы бойынша теміржол көлігімен инертті жүк тасымалдау көрсеткіші 2,2 есеге өсті. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.
Теміржол көлігіндегі тексерулер нәтижесінде пайдалану және жөндеу мерзімі өтіп кетуіне байланысты «Қазтеміртранс» АҚ-на тиесілі 11 жүк вагоны мен «Локомотив» АҚ-на тиесілі 5 локомотивтің, 2 кірме жолдың қызметі заңбұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды. - Сондай-ақ жолаушылар пойыздарына билетсіз мінген 40-тан астам жолаушы анықталып, жолсеріктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Ержан Жолдасов.
Назерке САНИЯЗОВА