ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 135 ТҮЛЕК ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ
Қызылорда облысы әкімінің дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары сәйкес 2016 жылға қажетті мамандықтар бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан 135 студентті оқыту үшін әлеуметтік көмек көрсетуге (110 бакалавр, 25 резидент) облыстық бюджеттен 87 113 мың теңге бөлінді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің брифингінде облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Марат Делмұханов мәлімдеді.
Әлеуметтік көмек оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі жыл сайынғы төлемдерден және тамақтану мен тұру шығындарын ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден тұрады.
«Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім Әлеуметтік көмек тағайындауға Студенттерді іріктеу жөніндегі аудандық, қалалық конкурстық комиссиямен жүргізіледі. Бүгінгі күнге бөлімдер арқылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінде оң қорытынды алған 282 үміткердің құжаттары қабылданып, оның 92-сі мемлекеттік грант иегерлері атанды. Қалған 190 үміткердің құжаттары аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссиялардың қарауына ұсынылып, арнайы комиссияның шешімімен 63 студентке әлеуметтік көмек тағайындалды»,-деді М.Делмұханов.
Қазіргі таңда аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссиялардың студенттерді іріктеу жұмыстары әлде де жалғастырылуда.
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін алаяқтық жолмен үміткерлерден сыйақы талап ету фактілерін алдын алу және болдырмау мақсатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында орналасқан 8(7242)27-41-65 сенім телефонына хабарласуға болады.
Арнайы комиссиялардың студенттерге әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімдері аудандық, Қызылорда қалалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланатын болады.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА