ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ
Республикасының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығысында бұршақ түсуі мүмкін, жел күшейеді, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, түнде Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кейбір аудандарында жел тұрып, шаңды дауыл көтеріледі. Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 16-21 м/с дейін барады, бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Алматы облысында жел соғады. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында аптап ыстық күтіледі. Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.