НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Зияткерлік көшбасшылық: дамудың тұрақтылық негізі» тақырыбында білім беру саласы қызметкерлерінің қатысумен кезекті дәстүрлі тамыз кеңесі өтті, - деп жазады НЗМ сайты.
Конференцияға Зияткерлік мектептердің 340-тан астам өкілі қатысты. Іс-шара пленарлық және секциялық мәжілістер ретінде өтті. Сонымен қатар ата-аналарға арналған секция ұйымдастырылған.
Өзінің баяндамасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова бүгінгі таңдағы балаларға ата-аналарының назары жетіспеушілігі туралы айтып өтті. Мектеп алдына қойылған мақсаттардың бірі – ата-аналарға мектеп өмірінде өзін жетілдіруде көмек көрсетіп, олардың әлеуметтік тәжірибесін балалар арасында пайда болған мәселелерді шешуде қолданып, ата-аналардың сыныптан тыс іс-шараларға қатысуын арттыру.
Тамыз кеңесі 2015-2016 оқу жылында атқарылған жұмыстардың қорытындысын тыңдауға және педагог қызметкерлерінің еркін пікір алмасып, әріптестер арасындағы тәжірибені және ынтымақтастықты орнатуға бағытталған. Жиын барысында аймақтардағы Зияткерлік мектептердің тыныс-тіршілігі, жетістіктері сондай-ақ шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселелер күн тәртібінде қаралады.
Тамыз кеңесіндегі сұрақтар Зияткерлік мектептерінің жұмысын одан әрі жетілдіруге, мектепті басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеруге оң серпін бермек. Нәтижесінде, конференцияда қаралған мәселелер отандық білім беру саласына ықпал етуге, білім беру мекемелеріндегі кей проблемалардың шешілу амалдарын қарастыруға жағдай туғызады.
Білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесіне аймақтардағы 21 Зияткерлік мектептердің директорлары, пән ұстаздары, ата-аналар және білім беру саласына қатысты өзге де қонақтар шақырылған. Соның ішінде Ұлттық Ғылым академиясының және Республикалық физика-математикалық мектеп өкілдері.
Пленарлық кездесуде білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері мен қызметкерлерін марапаттады. Өз кезегінде Күләш Шәмшидинова Халықаралық Мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өткен Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне кеңестің ресми куәлігін табыс етті. Айта кетсек, 2015-2016 оқу жылында мектептердің Халықаралық аккредитациясы аясында өткен іс-шаралар нәтижесінде Астана қаласындағы Зияткерлік мектебі Халықаралық мектептер кеңесінің (Council of International School) аккредитациясынан өтіп, ресми куәлігіне ие болды. Ал 14 Зияткерлік мектеп өз кезегінде аккредитацияға ұсыныс жасаған мектеп-кандидат мәртебесіне ие болды.
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" жобасы 2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске қосылды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мақсаты отандық білім беру саласына жаңа инновациялық білім беру моделін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді жүзеге асыратын эксперименттік алаң ретінде енген болатын. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймақтарында 20-ға жуық зияткерлік оқу орындар жұмыс істейді. Олар инновациялық білім беру моделін енгізу мен іске асырудың үлгілерін көрсетуде.
Жаңа 2016-2017 оқу жылына аймақтардағы барлық Зияткерлік мектептеп сақадай сай дайын тұр. Мектептерде жоспарлы дайындық жұмыстары өтіп, қажетт әдістемелік құралдар, материалдық-техникалық база жаңартылды.