БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ КЕЙ АЙМАҚТАРЫНДА ҚАР АРАЛАС ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Синоптиктердің болжамынша, алдағы бірнеше күнде еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады.
"Қазгидрометтің" хабарлауынша, ауа райының салқындауына Баренц теңізінде қалыптасқан белсенді циклон ықпал етеді.
"Алдағы үш тәулік ішінде аталған циклон Батыс Сібір аумағына жетеді. Ал, оның салдарынан бүкіл Қазақстан аумағында суық ауа райы сақталып, қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендеп, жел күшіне мінеді" делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.
Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн жауын-шашынсыз. Дегенмен, 4 қазан күні бұл аймақтарда да ауа температурасы 0-ден төмендейді деп күтілуде.