ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Жалаңтөс батыр ауылынан 90 орындық балабақша жұмысын бастады. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатасып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. Ауылдағы ескі балабақша апаттық жағдайда болғандықтан жаңа ғимарат бой көтерді.
- Елбасы балаларымызды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында «Балапан» бағдарламасын қабылдап, біздің алдымызға 2020 жылға дейін балабақшамен толық қамту міндетін қойған болатын. 3-6 жас аралығындағы балаларымызды балабақшамен қамту 2010 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайып, 2015 жылы 100% қамтылды. Осылайша, Елбасының бұл тапсырмасы облысымызда мерзімінен ерте орындалды, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Ауданға жұмыс сапармен барған аймақ басшысы Әйтеке би кентіндегі Қ.Пірімов көшесінде жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жоба бойынша аталмыш көше кеңейтіліп, Әйтеке би көшесінен бастап №234 орта мектепке дейінгі аралыққа демалыс алаңы орналасады. Балалар ойын алаңы, су бұрқағы, түнгі жарықшамдар орнатылады. Сонымен қатар, мұнда Бегім ана мен Асандар көтерілісіне ескерткіш белгілері қойылатын болады. Сондай-ақ, аудандағы 5 апаттық мектептің құрылысы басталып, оның екеуі биыл пайдалануға беріледі.
Аймақ басшысы аудан орталығындағы спорт клубында болып, спортшылар күніне арналған шараға қатысты. Облыс әкімі мереке аясында бірқатар спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттады.
Дәл осы күні облыс әкімі жұмыс сапармен Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде де болды. Кентте жаңадан ашылған 160 орындық «Алма-рай» балабақшасының жұмысымен танысты. Заманауи үлгідегі балабақшада бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. Нысанның ашылуымен 40 адам тұрақты жұмысқа тартылып отыр.
Мұнан бөлек, аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, тұрғындар перзентхана ашу мәселесін көтерген болатын. Бұған байланысты арнайы бекітілген норматив бойынша кентте жылына туылатын бала саны 500-ден асу қажет. Ал Сексеуілде 1 жылда 240-250 сәби дүниеге келеді. Сондықтан жүкті әйелдер Арал ауданының орталығында және жақында жұмысын бастаған Байқоңырдағы медициналық орталықта босанатын болады. Кездесуде қосалқы станция салу, жарықтандыру, су, газ тарту мәселелері де айтылды. Бұған байланысты жауапты басқарма басшылары атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, тұрғындардың көтерген мәселелері кезең-кезеңімен шешілетіндігін жеткізді.