ГАЗҒА ҚОСЫЛУҒА КЕДЕРГІ КӨБЕЙМЕСІН
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аймақтағы елді мекендерді газдандыру жұмыстарының барысы талқыланды.
Басқосуға арнайы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосов қатысты. Айта кетейік, облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында жасалған меморандум негізінде 23 млрд теңге қаржы бөлініп, төрт аудан орталығына – Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған кенттеріне, сондай-ақ Байқоңыр қаласына көгілдір отын жеткізілген болатын.
Енді облыстың қалған үш аудан орталығын (Жосалы, Тереңөзек, Жалағаш) және Қызылорда қаласындағы газдандырылмай қалған тұрғын үйлерге табиғи отын мен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Ержан Әбдіқалықовтың айтуынша, газ берілген елді мекендердегі құбырлардың құрылысы толығымен аяқталған, қазіргі таңда соларды қабылдау жүргізілуде. Десек те, кемшіліктер жоқ емес. Мәселен, аудан орталықтарында газға төлемақы төлейтін терминалдар мен пункттерді ашу мәселесі өзекті болып отыр.
– «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының бөлімшелері аудан орталықтарында жұмыс істеуде. Дегенмен, жеке тұрғын үй секторы, әлеуметтік, өндірістік, шағын және орта бизнес нысандарына техникалық шарт алу, жобаны қарау және газ желісіне қосылуына рұқсат беру облыс орталығынан алынатындығы тұрғындардың наразылығын тудыруда. Мысалға, бір үйдің газ жүйесіне қосылуы үшін шамамен 80 күн уақыт кетеді, – деді басқарма басшысы.
Осының салдарынан тұрғындардың көгілдір отынды үйіне кіргізу көрсеткіші төмен. Төрт елді мекен бойынша 25 070 үй болса, олардың ішінде газға қосылғаны – 3 307. Басқарма басшысының сөзін Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев та растап отыр. Қазіргі таңда кентте 600-ден астам тұрғын үйіне газ кіргізген. Аудан әкімі құжаттардың рәсімделуі жеңілдегенін қалайды. Себебі, Шиелі кентінде табиғи отынға сұраныс жоғары. Бұдан бөлек, ол газдандыру барысында бұзылған жолдар мен жаяу жүргінші жолдарды қалпына келтіру жұмыстары толығымен орындалмағанын айтты.
Ал «ҚазТрансГаз Аймақ» өндірістік филиалының директоры Серікхан Байзақов жиында көтерілген мәселелерге тыңғылықты жауап берді. Оның ай- туынша, Жаңақорған және Шиелі кенттерінде бұзылған жолдар тамыз аяғына дейін қалпына келтіріледі, Әйтеке би кенті мен Арал қаласында бұл жұмыстар қыркүйектің соңына дейін аяқталуы тиіс. Бұған қатысты мердігер мекемелерге жауапкершілік жүктелді.
Сондай-ақ, газ жүйесіне қосылуға берілетін рұқсат құжаттарды қысқа мерзімде әзірлеудің жолдары қарастырылып жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек, мәжілісте Байқоңыр қаласын газдандыру барысы және ондағы облыс әкімдігіне қарасты 6 мектеп пен бір аурухананың жылу жүйесін газға қосу, облыс орталығында салынып жатқан шыны зауытына газ берудің қыр-сыры талқыланды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосовтың айтуынша, компанияның алдында 2030 жылға дейін еліміздің бірқатар аймақтарын газдандыру міндеті тұр. Осыған орай, компания республиканың 8 өңіріне көгілдір отын жеткізу үшін шамамен 70 млрд теңге жұмсаған. Оның басым бөлігі, яғни 20 млрд теңгеден астамы осы Сыр өңіріне бөлінді. Негізінде бұл қаражатты 2030 жылға дейін игеру жоспарланған. Алайда, Қызылорда облысының басшылығы қаржыны мерзімінен бұрын игеруге өтініш еткен еді. Нәтижесінде ондаған жыл орындалатын бағдарламаны бір жылда орындауға тура келді.
Енді қалған үш аудан орталығы мен Қызылорда қаласының табиғи отынмен қамтылмаған үйлері газдандырылады.
Дәурен ОМАРОВ