АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін Қызылордада қарттар күні қарсаңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңір дамуына үлес қосқан бірқатар ардагерлермен кездесті.
Өңір басшысы оның ішінде облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы барысын айтып өтті. Жыл сайын облыс бюджетінен жол жөндеуге бөлініп жатқан қаржы аз емес. Қорқыт-Ата кешеніне күрделі жөндеу жүргізілді. Сметалық құны 260 миллион долларды құрайтын шыны зауыты құрылысы мәселесі шешілді. Мұның бәрі, әрине өңірдің қоғамдық өміріне араласып жүрген ақсақалдардың кеңесі мен білімінің арқасында жүзеге асып отыр.
Өңір басшысы ақсақалдарға зор денсаулық ұзақ ғұмыр жасауларына тілектестігін білдіріп, естелік сыйлықтар сыйлады.
Ардагерлер атынан сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесі жетекшісінің орынбасары Күләй Ермағанбетова өңір басшылығына көрсетіп жатқан қамқорлығына алғысын жеткізді.
Облыста бүгiнде 113 Ұлы Отан соғының ардагерлері оның ішінде 24-і ғасыр жасаған қариялар тұрады. Ұзақ өмір сүрудің бір құпиясы - еңбек сүйгіштікте. Олардың еңбекқорлығынан кейінгі жастар үлгі алуы тиіс.
Кездесудің соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
Шынар БЕКБАН