НҰРОТАНДЫҚТАР РИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қызылордалық нұротандықтар зіл темір көтеруден Рио олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиковпен кездесу ұйымдастырып, құрмет көрсетті.
Партия филиалында өткен кездесуге облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері, жасотандықтар және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуді «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов жүргізіп, жас спортшыны барша нұротандықтардың атынан жеңісімен құттықтап, шынайы алғысын айтты. Ол «Сыр толағайына жалпы қазақ ауыр атлетикасының тағдыры қыл үстінде тұрған сәтте еліңнің намысын жерге жықпай,қазақ жұртының үкілеген үмітін ақтап, жеңістің жалауын көтердің. Біз сенімен, мақтанамыз!»-деді
Александр өз кезегінде бұл жеңіс - күн сайынғы жаттығуда төгілген тердің, жаттықтырушылардың табанды еңбегінің өтеуі сонымен бірге жанкүйерлердің қызу қолдауының нәтижесі екенін айтып,алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрінуге, ел абыройын асқақтатуға уәде берді.
Айта кетейік, ауыр атлет Александр Зайчиков Риодағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында 105 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, қоссайыс қорытындысы бойынша 416 (223+193) келіні еңсеріп, қазақстан қоржынына қол жүлде салған болатын. Төрт жылдықтың байрақты бәсекесінде аймақ ауыр атлетикасының айбынын асырып, зілтеміршілеріміздің мықтылығын әлемге паш еткен жерлесімізге айтылар тілектер толастамады. Партия ардагері Сайлаубай Әбішов ардагерлер атынан батасын беріп, біздің спортшыларымыздың әлемдік ареналарда жоғары табыстарға қол жеткізуі, бірінші Елбасының, екіншіден облыс басшылығының спортқа деген қолдауының жарқын дәлелі екенін атап өтті.
Шара соңында жиылғандар олипиада жеңімпазымен естелік суретке түсіп, керемет көңіл- күймен тарқасты.