ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті отырысында 1 қазан – Дүниежүзілік қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіліп, қарияларымызға құрмет көрсетіліп келеді. Айтулы күнге орай қызылордалық полицейлер салтанатты іс-шара өткізді. Бұл күні жеке құрам жиналып, ішкі істер органының ардагерлерін шақырып, мерекелік түскі ас берді. Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік, тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарды мерекелерімен құттықтап, еңбектің зейнетін көріп отырған шақта әр ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқаны үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, зейнетке шықса да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өсіп келе жатқан жастарды тәрбиелеуде зор үлес қосып келе жатқан ардагерлерді Алғыс хаттармен марапаттап, қонақтарға ақшалай сыйлықтарын табыстады. Қызылорда ОІІД жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Пейсов құттықтау сөз сөйлеп, қарттарды ұлықтауға бағытталған болашақтағы жоспарларымен бөлісті.
Мерекенің екінші бөлімінде меймандар дастарқан басында отырып, полиция өмірінен қызықты әңгімелер айтып, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Мерекенің екінші бөлімінде меймандар дастарқан басында отырып, полиция өмірінен қызықты әңгімелер айтып, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі