ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Достық үйінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Л. Төрешованың қатысуымен облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің отырысы болып өтті.
Жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып ҚХА атынан сайланған Н.В.Жұмаділдаеваның орнына Аналар кеңесінің төрайымы болып көп балалы ана, 11 немере, 1 шөберенің әжесі Р.Х. Смаханова бірауыздан сайланып, жаңа құрамы жасақталды.
Кездесуде Аналар кеңесінің алда атқарар жұмыстары нақтыланып, міндеттері айқындалды. Өйткені, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа тәрбиелеуде Аналардың алар орны ерекше зор.
Сондай-ақ, «Ақ орамал» республикалық акциясын облыста жүзеге асырудың барысы талқыланып, Аналар кеңесінің мүшелері өз ұсыныстарын ортаға салды.