ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЗДІК ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары - 2016» өңірлік көрме-байқауы өтті. Көрмеге келушілерге жергілікті кәсіпкерлер өздерінің тоқыма, азық-түлік, құрылыс материалдарын ұсынды. Соңғы жылдары облыстың экономикасын әртараптандыру мақсатында аймақта өндіріс орындары көптеп ашылды. Олардың өнімдері болашақта өңірдің брендіне айналары сөзссіз. Бұрын Қызылорда облысы тек күріш пен Аралдың тұзымен танылса, қазір аймақта өндірілетін тауарлардың түрі көбейген. Бүгінгі күні Сыр өңірінде ет, сүт және нан өнімдерімен қоса бөтелкедегі сусындар шығарылып, ерлерге арналған жиделер тігілуде.
- Қызылорда облысы өнеркәсіп орындары мен кәсіпкерлікке қолдау көрсету шараларын назардан тыс қалдырған емес. Бүгін сіздер тек жергілікті жерде емес, еліміздің басқа да аймақтарында танымал тауар өндірушілердің өнімдеріне баға берудесіздер. Ал қыркүйек айының басында сырбойылық тауар өндірушілер өз өнімдерін Астандағы Қызлорда облысының күндері аясында өтетін көрмеге алып барады, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Шара соңында аймақ басшысы "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халық тұтынатын үздік тауарлар" және «Қазақстанның үздік тауары», "Үздік азық-түлік тауарлары" номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттады.