ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ КҮН ЫСТЫҚ
Республиканың басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз, тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінің шеткі аймақтарында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, күндіз Қызылорда облысының кейбір ауданында жел тұрады. Жамбыл, Қызылорда өңірлерінде шаңды дауыл көтеріледі.
Күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында аптап ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.