АҢ АУЛАУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАРҒА 95,4 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Аң аулау ережесін бұзғандарға 95,4 мың теңге айыппұл салынып, оның 84,5 мыңы өндірілді. Осы 6 айдағы басқа да көрсеткіштермен бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Исатай Әбдіразақов айтып берді.
Ал заңсыз балық аулаған 241 тұлғаға 2780,5 мың теңге айыппұл салынып, оның 2706,3 мыңы өндірілді. Ереже бұзушылардан 1926 кг балық, әртүрлі 81 балық аулау құралы тәркіленіп, бәрінің құны қоса есептегенде 220,9 мың теңгені құрады.
- 2016 жыл көлемінде облыстың су айдындарында 7992 тонна балық аулау лимиті бөлінсе, соның 2743 тоннасы жартыжылдықта игерілді. 1698 тоннаны рұқсаты бар табиғат пайдаланушылар аулаған, - деді Исатай Әбдіразақов.
Назерке САНИЯЗОВА